26 июля, 2019 Comments Off on Шоколад қосылған құрт жасайтын түркістандық келіншек туралы не білеміз?

Шоколад қосылған құрт жасайтын түркістандық келіншек туралы не білеміз?

Түркістандық келіншек Мақпал Жазыбекова құрт өнімінің түр-түрін жасап, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Сиыр сауу күнделікті жұмысына айналған әйел құрттың мәзірін әлеуметтік желіден үйреніп алған деп хабарлайды Ernur.kz.

 
Фото: ernur.kz

Фото: ernur.kz

Бүгінде Мақпалдың жасаған құрттарына жергілікті тұрғындардан сұраныс жоғары. Дәмі де ерекше.

Әсіресе, шоколад пен балқаймақ қосылған құрт көпшілікке таңсық дүние болғандықтан тұтынушылары да көп.

Түркістандық келіншектің айтуынша, ол алғашында сиыр сауудан қатты қорыққан. Қазір үйреніп алғанын айтады. Сауданы да дәл осылай бастаған.

Тәуекелге бел буған Мақпал Жазыбекова бүгінде кәсібінен несібесін тауып отыр.

Айта кетейік, оның құрттарын Түркістан қаласының тұрғындары көп тұтынады екен.

Ерекше құрт сататын келіншек алдағы уақытта кәсібіне жаңа атау беріп, кеңейтуді көздеп отыр. Сондай-ақ сатылу аймағын ұлғайтуды да жоспарлап қойған.

  
Загрузка...

Комментирование закрыто.