Танымал продюсер Ерболат Беделханның әйелі Асыл бір кездері шоқынып, христиан дінін қабылдағаны туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 1990 жылдары белгілі себептермен анасымен және сіңлісімен ғана қалып, ауыр сәттерді бастан өткеріпті. Ақыры Қарағанды қаласынан Сәтпаев қаласына көшуге мәжбүр болған. Әншінің жазуынша, анасы балаларына қиналған сәттерін білдірткісі келмеген, бірақ оңай болмапты.

«Бірде анам ауыр күйзелістен арылу үшін серуендеп жүріп, көшеде үлкен шіркеуді көріп қалады. Оның айтуынша, ондағылар үнемі бір-біріне күлімсіреп, бір-біріне мейірімділікпен қарапты. Көп ұзамай анам өзін сол жерде жайлы сезініп, артынан біз де ілесіп бардық. Шын мәнінде ол жерде маған бәрі ұнады. Шіркеудегі билер, әндер маған өзгеше әсер етті. Кейін мен де сол шіркеуде шоқындым», – деп жазды Асыл әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бірде дайындық кезінде Ерболаттың достарының бірі Асылдың христиан дінін қабылдағанын сезіп қойыпты. “Ерболатқа бар шындықты айтып қоямын” деп те қорқытыпты, деп жазды продюсер.

Ал бұл жағдайды білген Ерболат “Кеттік, дайындалайық!” дегеннен басқа ештеңе демепті.
 

Рубрика: