22 мая, 2020 Comments Off on Шетелдікке күйеуге тиді деп айыптауға асықпайық. Алдымен, қарындасымызды құтқарып алайықшы!

Шетелдікке күйеуге тиді деп айыптауға асықпайық. Алдымен, қарындасымызды құтқарып алайықшы!

Қазақтың баласы жыламасын!

Әлгінде Гүржістаннан күтпеген қоңырау түсті. Көштекова Индира деген қызымыз Грузияның Рустави қаласында қиын жағдайда қалып қойыпты. Өзінің айтуынша, Грузияда тұратын ұлты әзірбайжан жігіттің етегінен ұстап, азаматтық некеге отырған екен. Екі бала тапқасын, "жігіті" келіншек пен екі сәбиді тастап, тайып тұрған.

Индира екі баланы алып, елге қайтайын десе, ақшасы жоқ. Оның үстіне карантин жағдайында шекара да жабық. Шымкентте тұратын ата-анасының көмектесуге жағдайы жоқ екен. Пәтерақының да төлейтін күні келіп, қожайыны "шық та шық!" деп қысып жатқан көрінеді.
Содан, Индира елден көмек сұрауға мәжбүр болған. Суреттегі банк картасы "Грузия банкіне" тиесілі екен. Өзінде карта болмағандықтан, көршісі ме, пәтер қожайыны ма, біреудің картасын беріп отыр.

Қолдан келгенше қарындасқа демеу болайықшы, ағайын!
Пысы: Шетелдікке күйеуге тиді деп айыптауға асықпайық. Анау періштедей екі сәбидің түк жазығы жоқ қой. Оларды қалай далаға тастаймыз? Алдымен, қарындасымызды қиындықтан құтқарып алайықшы!

 

 

 

 

Тоқтар Жақаш
Фейсбуктегі парақшасынан



Загрузка...

Комментирование закрыто.

2025d523818cd5cb