Шешенстанның Халық әртісі Элина Муртазова қазақша ән шырқап, елді тәнті етті. Ол қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әйгілі “Ана туралы жыр” әнін орындап, видеоның кавер нұсқасын YouTube-те жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Видеоның түсіктемесінде: 

 

“Ана… Әлемнің барлық тілдерінде ғажап естілетін сөз. Шешенстан Республикасының Халық әртісі Элина Муртазова барша аналарға арнап осы бір жантебірентерлік, әсерлі әнді қазақ тілінде орындады”, – деп жазылған. 

Сондай-ақ, онда екі халықтың арасын ұзақ уақыт бойы бауырлық, достық қарым-қатынас байланыстырып тұрғаны атап өтілген. 


“Ата-бабаларымыздың тарихы мен бастан өткерген қиыншылықтар бізді біріктіреді. Шешен халқы ауыр күндерді бастан кешкенде Қазақстан көмек қолын созды”, – деп жазған автор.

Элина Муртазова үшін Қазақстан екінші Отаны іспетті. Әнші бір кездері біздің елде тұрған. 
  

 

Рубрика: