Қазақстанның шенеуніктері мемлекеттік тілді меңгеріп бітпей жатыр. Ниет жоқ емес сияқты. Бар. Бірақ дұрыс зейін қоймай ма, әйтеуір күлкіге айналып жатады.

Whatsapp желісінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат ЖҮНДІБАЕВ «жұлдызға» айналды. «Жастар жылы» аясында өткен жиындағы сөзі «хит» болыпты.  Орынбасары Қазақстанның бетін осылай «бүлдірді».

«Жас буын — біздің ертеңгі үмітіміз. Сенімді тірегіміз. Елбасының Жастар жылының ашылу салтанатында айтқан осы сөзі сіздерге үлкен міндет жүктейді. Сондықтан Қазақстан бетінің осырып, (өсіріп) зор табыстарға жетуіне тілектеспіз», — дейді шенеунік. 

Мемлекет басшысы 2018 жылы Үкімет пен парламентті мемлекеттік тілге өтуді бұйырған. Артынша Мемлекеттік тілді даму қорының директоры Азат ШАУЕЕВ тілі игерем деген мемлекеттік қызметкерлердің қатары 2-3 есеге өскенін мәлімдеп тастаған-ды.

Жалпы шенеуніктерге мемлекеттік тілді игеру үшін барлық жағдай жасалған. Дәл Қостанайда 2011-2020 тілдерді дамыту бағдарламасы бойынша 18 қазақ тілін үйрету орталығы ашылған болатын. Қазақ тілін тегін онлайн үйрету жүйесінің де жасалғаны баршаға аян. Марат ҚОНЫСБАЙҰЛЫ сол орталықтардың біріне үздіксіз барса ұятқа қалмаған болар еді. Ресми дерек бойынша қазір 90 жылдармен салыстырғанда Қостанайда қазақ саны алпыс пайыздан асып, мемлекеттік тілді халықты 50 пайызынан артығы біледі.

 

Фото: kstnews.kz

zhasalash.kz

Рубрика: