АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шашын өсіріп алған Тәуекел Мүсілім елге жақпай қалды (фото)[:]

[:kz]

Жақында жұртқа жаңа бейнебаянын ұсынған Кәмшат Жолдыбаева өз Instagram парақшасында Азамат Сатыбалды, Тәуекел Мүсілім және Нұрболат Абдуллинмен түскен суретін жариялады. Ал көпшіліктің көзі әнші қызға емес, танымал актердің жаңа образына түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Кәмшаттың сөзінше, Шымкентке аттанып бара жатқан өнерпаздар жаңа бейнебаян туралы талқылаған.

«Шымкенттен ауылға қайтып барамыз. Азамат мені «Неге клипке мен емес, Тәуекел емес, Нұрболат емес, Руся түсті?» деп сұрақ астына алуда…»,- деп жазған ол.

Дегенмен, жұрттың назарын Кәмшат емес, образын өзгерткен Тәуекел Мүсілім аударды. Оқырмандардың бірі актердің өсіп кеткен шашы туралы айтса, енді бірі шалбарының тізесі шығып кеткен деп қынжылды.

«Тәуекелдің тізесі шығып кетіпті ғой», «Алладиндегі» Джин сияқты неге шаш өсіріп алған?», «Тәуекелге не болған?», «Джинсыдың тізесі шығып кетіпті, бұрынғы Тәуекел емес», «Тәуекелдің образы нашар екен», «Түрік актері Буракқа ұқсағысы келе ме?», «Шашына не болған?» деп жазды олар.

 
 

[:]