24 февраля, 2019 Comments Off on ​Шашы тобығына түсетін әжей: 78 жастағы тұрғын шаш өсірудің құпиясымен бөлісті (ВИДЕО)

​Шашы тобығына түсетін әжей: 78 жастағы тұрғын шаш өсірудің құпиясымен бөлісті (ВИДЕО)

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында тұратын Ырымкүл Бекенқызы көпшілік арасында «Шашы ұзын әжей» деген атқа ие. Зейнет жасынан асқан тұрғынның бүгінде шашының ұзындығы бойымен бірдей, 160 см. Ал студент кезінде шашының ұзындығы 200 см-дің үстінде болыпты.

78 жастағы әжей өмірімде үш-ақ рет шашымды қидырдым дейді. Оның өзін үлкен өкінішпен еске алды. Айтуынша, алғаш рет шашын қидыртқанда баласы шетінеген. Екіншісінде жолдасы, ал үшіншісінде енесі қайтыс болыпты.
Шашы ұзын әжей түскен шаштарын аяқ асты етпеген, қап-қап етіп жинап қойыпты. Жиналған шаштың салмағы 14 келіні құрайды. 78 жастағы әжей Ырымкул апа шашын жуатын болса, кемінде 40 литр су қажет. Әңгіме арасында тұрғыннан шаштың күтімі туралы да сұрап білдік. Айран, қымыз және жұмыртқа шаш күтімі үшін таптырмас заттар.
Ғұмырының 46 жылын ұстаздық салаға арнаған кейіпкеріміз зейнеткерлікке шықтым деп үйде қол қусырып отырған жоқ. Спортпен айналысады. Қолы қалт етсе, құрақ тігіп, тоқыма тоқиды. Оны ғаламтордан үйренген. Одан өзге аудандық әжелер ансамблінде өнер көрсетеді. Ән салып, тіпті мың бұрала би де билейді. Жасы сексенге таяп қалған тұрғын соңғы кездері жастардың шаштарын жайып жүруіне қынжыламын деп отыр. Шаш жайып жүру - өлім шақырады.
 

elitar.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.