26 апреля, 2020 Comments Off on «Шаш ал десе, бас алады ғой»: ақтаулық балалар полиция бөлімшесінен бір-ақ шықты (ВИДЕО)

«Шаш ал десе, бас алады ғой»: ақтаулық балалар полиция бөлімшесінен бір-ақ шықты (ВИДЕО)

Баланың психологиясы бұзылады.

Ақтау полициясы төтенше жағдайды бірнеше рет бұзған ата-аналар мен балаларды жергілікті полиция бөлімшесіне апарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 102 кезекші бөлімі мен бөлімнің әлеуметтік желілердегі парақшасына 33-шағын ауданда ересектер бақылауынсыз бір топ балалар жиналғаны туралы бірнеше хабар түскенін мәлімдеді.

Соның негізінде, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторлар және жаяу жасақ патрульдері бірлесіп рейдтік алдын алу шараларын жүргізген.

Алайда, балалары бар ата-аналар құқық қорғау органы өкілдерінің тиісті ескертулері мен талаптарын орындамай, карантин кезінде серуенге шығуды жалғастырған.

"Осы жағдайға байланысты рейдтік шаралар қайта ұйымдастырылды. Балалар мен олардың ата-аналары жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Онда бірнеше рет профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларға әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді", – делінген хабарламада.

Айтпақшы, осы кезге дейін әлеуметтік желілерде Ақтау қаласындағы аулалардың бірінде баланың полициядан қашып бара жатқан сәті түсірілген видео қызу талқыланды. Мәселен, видеоны көрген желі қолданушылары: "Дұрыс-дұрыс, осылай жасау керек, әйтпесе, жүре береді, сабақ болады! Керемет, жарайсыңдар, жұмыстарыңа сәттілік!", "Бұл Атырауда болған жағдай ма? Бес саусақ бірдей емес, жазар алдында шамалы ойлану керек. "Шаш ал десе, бас алады ғой", "Баланың психологиясы бұзылады. Ал оларға бәрібір", "Отыр дегесін отыру керек қой, бір жағынан", - деп жазды. 

 

Комментирование закрыто.