«Дос-Мұқасан» тобының солисі Мұрат Құсайыновты әуежайда болған жағдайдан кейін сот айыппұл төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Іс Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Мұрат Құсайыновқа 12 625 теңге (5 АЕК) көлемінде айыппұл салынды. 

Сот Құсайынов әуежайда кеден қызметкерлеріне құрметсіздік көрсетіп, боғауыз сөздер айтты, осылайша ол қоғамдық тәртіпті және жекелеген адамдардың тыныштығын бұзды деген шешім шығарды. 

Музыкашы өз кезегінде кінәсін толықтай мойындап, айыппұлды уақытылы төлеуге келісті. Сондай-ақ, сот айыппұлды тағайындау кезінде Мұрат Құсайыновтың алғаш рет тәртіп бұзып тұрғанын ескерді. 

Естеріңізге сала кетсек, жайсыз жағдай 14 сәуір күні “Эйр Астана” әуе компаниясында болды. Компания мәліметінше, Мұрат Құсайынов қызметкерлерге дауыс көтеріп, бейәдеп сөздер айтқан. 

 Stan.kz

Рубрика: