АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Шанхайға айналып барады»: Көшеде жүрген астаналықтар жұртты таңырқатты (видео)[:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде көшеде жүрген астаналық тұрғындардың видеосы тарады. Мұны көрген желі қолданушылары елорданы қытайлық қалалармен салыстырған деп жазады NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі astana_brothersпарақшасында тараған.

Бейнежазба авторы Астанада жолдың екінші бетіне өтіп бара жатады. Сол уақытта оның маңында аз дегенде ондаған адам болған. Видеоның дәл қай көшеде түсірілгені белгісіз.

«Егер видео министрлер үйіндегі қиылыста түсірілсе- бәрі түсінікті. Ол жақта үнемі осылай», — дейді елорда тұрғындары.

Министрлер үйінің жанында орналасқан Мәңгілік Ел-Қонаев, Мәңгілік Ел-Сығанақ қиылыстарынан бөлек, Астанадағы Шанхайды оң жағалауда, Республика-Иманов қиылысында байқауға болады.

[:]