АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Шалдар пенсияға кетсін!»: Көшербаев президент Жолдауы кезінде ұйықтап отырған (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

 

Бұрын Қызылорда облысының әкім болған, қазір ҚР-ның Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Тоқаевтың Жолдауы кезінде ұйықтап қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президенттің маңызды Жолдауы болып жатқан сәтте шенеуніктің ұйықтап отырғаны түсірілген видео «astana.times» instagram парақшасында жариялағанды. Видеодан Тоқаев сөйлеп тұрған сәтте көзі жұмылып, қалғып отырған шенеунікті байқауға болады.

Оның бұл әрекетін көрген желі қолданушылары жағымсыз пікірлерді қарша боратты.

Мәселен олар: «Бұлар қалайша ұялмайды?», «Солтүстік Кореяда мұндайларды атып тастайды»,  «Бұлар жақсы зейнетақы алады ғой. Жастарға орын босатпай ма…», «Ұйықтаған шалдар пенсияға кетсін!», «Міне, бұлар ол жерге не үшін отырады!? Одан да үйінде ұйықтамай ма?», — деп мысқылдады. 

Айтпақшы, әлгі видеоны қазірдің өзінде 33 мыңға жуық адам көріп үлгерген. 

Естеріңізде болса, бұған дейін депутат Владислав Косаревтің де маңызды жиналыс кезінде ұйықтап кеткені жайлы жазғанбыз.
 

 

 

[:]