АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шаһизада ұлы мен келіндері жайлы шындықты айтты[:]

[:kz]

Әнші Шаһизада НТК Show арнасына сұхбат беріп, ұлы мен келіндері жайлы шындықты айтты. Әншінің ұлы бірінші келіншегімен ажырасып, екінші рет шаңырақ көтерген болатын. Бірінші некесінен екі бала, екінші некесінен бір баласы бар.

«Ұлым ажырасқанда кішкене қоя тұрсаңдаршы, мүмкін қайта қосылатын шығарсыңдар дедім. Бірақ ұлым үзілді-кесілді айтқан сөзімді өзгертпеймін, қосылмаймын деді. Енді өзің білесің, жарайды дедім. Біраз уақыт өткеннен кейін жалғыздық маған жараспайды екен, отбасылы болғым келеді, үйленемін деді. Сөйтіп құрбы-құрдас, таныстарыма айтып, жақсы қыздар сұрастыра бастадым. Екі-үш қызды көріп жүргенде, осы кішкентай келінімді алып келді. Ерінің де, енесінің де айтқанын тыңдайтын қыз, біз бір-бірімізді жақсы көреміз деді. Жасы жиырма екіде. Мамалап қасымнан шықпайды. Сонымен сырға салып, екеуін қостым. Оны көруіміз керек шығар, өмір ғой енді»-дейді әнші

alashainasy.kz

[:]