АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сергей Ершов «село» сөзін «ауылға» ауыстыруды ұсынды[:]

[:kz]

«Ауыл» ұғымы ежелгі түркі тектес, кейінірек көшпелі халықтар арасында орныққан және көшпелі елді мекен дегенді білдіреді. Нақ осы «ауыл» біздің санамызға руханият пен халық дамуының бесігі ретінде бекіген», — деді ол.

Қазақстан заңнамасына «ауыл» сөзін бекіту ұсынылды, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Сенат депутаты Сергей Ершов «село» және «ауыл» терминдерінің шығу тегі туралы пікір білдірді. Сонымен қатар, ол сөздердің этимологиясы әртүрлі екенін атап өтті.

«Село» славяндықтардан шыққан елді мекен, тұрғын үй немесе ауыл ұғымымен байланысты. Ал «ауыл» ұғымы ежелгі түркі тектес, кейінірек көшпелі халықтар арасында орныққан және көшпелі елді мекен дегенді білдіреді. Нақ осы «ауыл» біздің санамызға руханият пен халық дамуының бесігі ретінде бекіген. Осындай атаумен «Ауыл — ел бесігі» жобасы табысты түрде іске асырылып жатыр», — деді Сергей Ершов Палата отырысында.

Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысовқа арнаған сөзінде депутат олардың тарихи, мәдени шығу тегін ескере отырып, қолданылу тіліне қарамастан, заңнамада «ауыл» ұғымын бекітуге дайын ба деген сауал тастады.

Алпысов 2013 жылға дейін «ауыл» термині жақшада орыс тіліндегі «село» сөзі ретінде қолданылғанын айтты.

«Бұл ономастика саласындағы сарапшылармен пысықтауды талап етеді деп ойлаймын. Қазір бізде биліктің аудандары мен ауылдық деңгейлерінің дербестігін кеңейту жөніндегі заң жобасы бар. Осы заң жобасы аясында сіздердің ұсыныстарыңызды қарастырамыз», — деді вице-министр.

[:]