АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Сені үнемі кемсітіп, жоқ қылғысы келеді»: Баян Алагөзова Ержан Максимге ақыл айтты[:]

[:kz]

Танымал продюсер Баян Алагөзова Ержан Максимге ақыл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттіг

Жас талант Ержан Максиммен кездескен продюсер оның дарынына тәнті болғанын айтқан. Баян Алагөзова жерлесінің биіктен көрінуіне тілектес екенін жеткізіп, оған кеңес берді. Өнер жолында ешкімнің сөзіне мән берме, кішкентай қиындықтардан сүрінсең де, қайтадан орныңнан тұрып, биікке ұмтылуды жалғастыр дейді продюсер. 

«Егер сен атақты болсаң, саған «дұрыс жол көрсетіп, бағыт-бағдар беретін» адамдар табылады. Сені үнемі кемсітіп, жоқ келгісі келеді, кір жағып, кемішіліктеріңді бетіңе айтатын болады. Сонымен қатар сені мақтап-мадақтап, абыройыңды асқақтатып, мерейіңді үстем ететіндер де табылады. Бірақ бұл сен қателік жасағанда сап тиылады. Өйткені ол адамдарға сенің үлкен немесе кішкентай қателік жасағаның маңызды емес», — дейді Баян Алагөзова. 

Ол Ержан Максимге өнерге түсіністікпен қара, қиындықты қабылдай біл, әлсіздерге уақытыңды кетірме деп кеңес берді. Баян Алагөзова өнерге енді қадам басып келе жатқан жас талантқа мықты болу керек екенін айтқан. 

«Сондықтан, ең бастысы түсіністік танытуың керек. Медальдің екі жағы бар екенін ойла, өзіңнің сүйікті ісіңе қастандық жасама. Ержан, сенде бәрі енді басталып келе жатыр. Біздің мамандықта мықты болу керек. Тек мықтылар ғана өмір сүре алады. Себебі әлсіздер үнемі бізді сындырғысы келеді», — дейді Баян Алагөзова. 

[:]