Меруерт Түсіпбаева энергетика министрінің кеңесшісі Олжас Байдильдиновқа қатысты өз ойын ортаға салды. Әнші жас шенеуніктің сөзіне қарсы шықты. “Ел басына күн туғанда, халықпен бірге бол! Кекірейме! Саған кейбір өз-өзіне қол жұмсап жатқан генерал ағаларымыздың тағдыры сабақ болғай! Өзің немен жүресің?! Астанада велосипедпен жүр дер едім. Сен халықпен бірге автобуспен жүруге лайық емессің. Кімсің сен?”, – деп жазды әнш деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық порталы 

 

“Айдың-күннің аманында, ойда-жоқта мезгілсіз, елдің болашағы жарқын болсын деп бейбіт шеруге шығып, қайтыс болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Өкінішті. Бейбіт күнде адамдар өліп жатыр. Кім үшін? Не үшін?🥲Жауап бар ма? Иманды болсын бауырларымыз”, – деп жазды Түсіпбаева. 

Айта кетейік, ҚР энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байділдиновтың 3 қаңтар күні өткен брифингтегі жауабы қазақстандықтардың талқысына түсті.


  •  

“Бағаны анықтайтын нарық, ол еңбекақы немесе табысқа тәуелді емес, егер адамдарға бұл баға ұнамаса, олар әркез қоғамдық көлікті пайдалана алады. Бұл мәселе ме?”, – деді Олжас Байдильдинов.

Кейін Олжас Байділдинов өзінің Instagram арнасында өзіне айтылған сын пікірлерге жауап берген. Онда ол бұл Telegram-арналардың атақ іздеген әрекеті екенін айтып ақталған.

Оның сөзіне қоғам белсенділері, блогер, журналистер қарсы шықты

 

 

Рубрика: