АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Семейлік сүйіктісінен руы үшін бас тартқан шымкенттік жігіт жан сырын ақтарды[:]

[:kz]

Көрнекі фото: primetytut.ru

Шымкенттік жігіт семейлік сүйіктісінен бас тартқан. Жас жігіттің мұндай шешім қабылдауына оның руы себеп болыпты. Айтуынша, ата-анасы найман елінен қыз алуға үзілді-кесілді қарсы болған екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оңтүстіктің тумасы семейлік арумен бір жылға жуық кездескен көрінеді. Алайда шығыстың аруын келін етіп түсіруге үзілді-кесілді қарсы болған ата-анасы, ақыры жігітті өз ойынан айнытып тастаған.

«Екеуміз де Алматыдағы ұлттық университеттердің бірінде оқыдық. Факультетіміз әртүрлі болғанымен, ортақ таныстарымыз көп болып, солай таныстық. Мен бір көргеннен оның ақылды, сыпайы қыз екенін түсіндім. Сөйтіп көп ұзамай ұсыныс жасадым, ол қабыл алды. Екі жылдай жүріп, үйленетін болып шештік.

Ата-анаммен таныстыруға Шымкентке алып барғым келді. Бірақ әке-шешем Семейден екенін білгенімен, руын бұған дейін сұрамаған еді.

Руы найман екенін білгенде, үйленуімізге үзілді-кесілді қарсы болды. Қанша көндіргеніммен, дегендерінен қайтпады. Қызымның ата-анасы оны біліп, ол кісілер де маған қыздарын бергісі келмеді. Ақыры ата-аналарымыз қарсы болған соң, айырылысып тындық», — дейді ер азамат.

Айтуынша бүгінде бұрынғы сүйіктісі өзге азаматқа тұрмысқа шығып кеткен екен.
«Бір жыл бұрын тұрмыс құрды деп естідім. Қатты өкіндім, ата-анама қарсы шықсам да, неге үйленбедім деп өз-өзімді жедім. Бірақ қазір бәрі кеш. Енді ата-анам басқа қыздармен таныстырып әлек. Бірақ ешқайсысына көңілім аумады.

Қазақтың руға, жерге бөлінуі шынайы махаббатқа әсер етпесе екен деймін. Сол себепті де өз басымнан өткенді көпшілікпен бөлісіп отырмын. Жігіттер сүйгендеріңізден айырылмаңыздар, қалғаны бір Аллаға аян«, — деп әңгімесін аяқтады жігіт.

[:]