АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Секонд-хенд дүкенінің сатушысы күртенің қалтасынан 7 мың доллар тауып алып, иесіне қайтарды[:]

[:kz]

АҚШ-тың Индиана штатында киілген киімдерді сататын дүкен сатушысы күртенің қалтасынан 7 мың доллар (2 млн 700 мың теңгеден аса) көлемінде ақша тауып алған. Артынша ол ақшаны иесіне қайтарып берді. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UPI басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дженнифер Каймстың сөзінше, ол дүкенге таяуда өткізілген киімдерді тексеріп жатып, күртенің қалтасында бірдеңе барын байқапты. Оның не екенін білу үшін қалтадағы затты алып шыққанда, ол бір бума ақша болып шыққан. Бастапқыда әйел шошып кетіп, ақшаны алған жеріне қайта сүңгітіп жіберген. Алайда артынша ақшаны алып, дүкен иесіне хабарласыпты. 

Каймс кей кездерде дүкенге тапсырылған киімдердің қалтасынан сағыз, фотосурет және сатып алатын заттардың тізімі сияқты заттардың шығатынын айтады. Алайда мұндай қомақты ақшаны алғаш рет таптым, дейді ол. 

Мұнан кейін дүкеннің иесі Тэммт Вендленд сатушыға күртенің бұрынғы иесін тауып, хабарласуына көмектесті. Анықталғандай, күртенің иесі ақшаны қайда жасырғанын ұмытып қалған екен. Дүкен өкілінің айтуынша, ақшасын алып кетуге келген ер адам қатты қуанып, ризашылығын білдірген. 

Ал Каймс өз жұмысында осындай игі іс істей алғаны үшін бақытты екенін айтты. 

Stan.kz 

[:]