АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]СӘУЛЕ ӘБІЛДАХАНҚЫЗЫ: Парламент балабақша емес![:]

[:kz]

 

 

 

25 жастағы «жағымпазданбай тамақ ішпейтін» балаға Мәжілісте боқ бар ма? Как будто сол бір келелі ой, ұсыныс, пікір, талап айтатындай….

Жалпы Мәжіліске баратындардың жасы 35-тен төмен болмау керек. Парламент — әріп танитындар мен кнопка баса алатындар отыратын балабақша емес!

Парламент — тойхана емес, — бала-шағаңмен шұбырып барып, жағаласып «День победы» деп дарико-хороводпен билейтін!

Парламентте — білім, тәжірибе, мінез, ішкі-сыртқы саясатты, қолданыстағы заңды, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін жақсы білетін, халықтың тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерін терең білетін, мемлекеттің бүгіні мен болашағын зерделей алатын көкірегі ояу, мемлекетшіл, керек десең ұлтшыл Азаматтар отыратын төр!

Боқмұрындарды ол төрге оздыру қай топастан шыққан идея? 30% жастар деген сөз — оң-солын ажыратып үлгермеген, қазақты қытайдан айыра алмайтын, жыламай тамақ ішпейтін 25-тегі ләббәйшіл жағымпаз бозбалалар барсын деген сөз емес. Парламентке депутат болу үшін мемлекетке, кемінде, 10-15 жыл еңбек сіңіру керек. Қоғамдық мәселелерге араласып, елге пайдалы ұсыныстар мен талаптар қойып, жұмыс істеген, еңбегі сіңген адамдар ғана лайық. Кезінде «жастар өкілі» деп, Тәңірберген деген актерді де отырғызған… Тупизм…

Мәжілістегі «жастардың» жасы 35-тен төмен болмау керек!!!

Жергілікті мәслихаттарда 25-35-тегі жастардан бірен-саран отырса, бір жөн. Өз аудан, қаласындағы жастар проблемасын көтерсе, шешсе, құба-құп. Ал Парламентке тәжірибелі кадрлар ғана бару керек! «Кадры решают все!» Сол сарыауыз балапандар Дәулеткерей Кәпұлы , Дәурен Қуат, Төлеутай Рахимбековтардың (мысал ретінде айтып отырмын) қолына су құюға жарамайды!!! Олардың тырнағымен салыстыруға келмейді тіпті!!!

Бұл билік қисын (логика) дегеннен жұрдай екенін тағы көрсетті.

adyrna.kz/post/57868

[:]