Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 1700 адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың таралуына қатысты оптимистік және пессимистистік сценарий бойынша болжамды жариялады.  

– Оптимистік сценарий бойынша сәуірде тәулігіне коронавирус жұқтырған 500 адам тіркеледі. Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 1700 адам коронавирус жұқтыруы мүмкін, – деді Цой Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, вакцина салу арқылы елдегі эпидемиялық жағдайды тұрақтандыруға болады.

www.oinet.kz

Рубрика: