АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Сараң, жақсылықты түсінбейді»: Бапкері Головкинмен жұмысын тоқтатуының себебін айтты[:]

[:kz]

Америкалық бапкер Абель Санчес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұмысын тоқтатуына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, серіктестіктің тоқтауына ақша себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы шетелдік сарапшы Крис Мэнникс Twitter желісінде жазды. 

Абель Санчестің сөзіне сілтеме жасаған Мэнникс олардың серіктестігінің тоқтауына боксшының «сараңдығы, жақсылықты түсінбеуі мен құрметсіздігі» себеп болғанын жеткізді.

Оның сөзінше,  Санчес Головкинмен арада қаржылық түсініспеушіліктер болғанын айтқан. Қазақстандық боксшы бапкерінің қызметінің ақысын қайта қарауды ұйғарыпты. Алайда бапкер бұл ұсынысты өрескел, тіпті, қорлау деп тапқан.
«Ол Головкиннің тарапын «сараң, жақсылықты түсінбейтін, құрметсіз» деп атады. Головкиннің DAZN-мен келісімшартқа қол қойғаннан кейінгі ұсынысы өзін қорлағанын айтты», — деп жазды Крис Мэнникс.

Еске сала кетсек, бұған дейін Головкин бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтататынын мәлімдеді.

Stan.kz

[:]