АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сапарбаев көпбалалы отбасыларға берілетін 21 мың теңгені алаяқтық жолмен алған адамдардың жазаланатынын айтты[:]

[:kz]

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың сөзінше, АӘК алу үшін алаяқтыққа баратын адамдар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанбасылымына сілтеп, Stan.kz хабарлайды. 

 

«Нақты шара қабылданады. Жолдары да бар. Біз қазір оларды прокуратура органдарына беріп жатырмыз. Солар тексереді. Егер алаяқтық анықталса, онда қылмыстық жазаға тартылады», – деді Сапарбаев.

Министрдің айтуы бойынша, бірінші кезекте жәрдемақыны алып беруге көмектесетін делдалдар жазаланады. 

Естеріңізге сала кетейік, 21 мың теңге үшін Шымкентте ажырасуға өтінішберетін ерлі-зайыптылар көбейген. Сонымен қатар, көпбалалы отбасылардың кейбірі ауласындағы жеміс ағашы үшін жәрдемақыдан қағылған. 

 
 

[:]