Ресей Федерациясының Ленинград облысында Санкт-Петербург-Мәскеу тас жолында жүк көлігі жер үсті өткелін құлатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Нұр-Cұлтан уақыты бойынша 20:20 шамасында Ленинград облысының Любань кентінде М-10 “Россия” федералдық автожолының 614-ші шақырымында болды.

 

Жүргізуші көтерілген шанақпен келе жатқан, бұл апатты жағдайға себеп болған.

Бірнеше көлік қирандылардың астында қалды, бірақ тек жүк көлігінің жүргізушісі ғана жарақат алды, ол ауруханаға түсті.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жол жабылды.

Рубрика: