АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сандық пен кіржуатын машинаның ішіне тығылып шекарадан өтпек болған қытайлықтар ұсталды[:]

[:kz]

Америкалық шекарашылар Калифорния штаты Сан-Диего қаласына Мексика жақтан келе жатқан фураны тоқтатқан.

АҚШ Шекара қызметінің қызметкерлері мемлекет территориясына кіріп кету үшін әртүрлі жиһаздарға тығылған Қытай елінің 11 азаматын ұстады. Бұл туралы ведомствоның Twitter-дегі парақшасында хабарланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Америкалық шекарашылар Калифорния штаты Сан-Диего қаласына Мексика жақтан келе жатқан фураны тоқтатқан.

 

Автокөліктің ішінде әртүрлі жиһазға жасырынған 11 қытайлық мигрант табылды. Мигранттар сандыққа, комодқа, тіпті кіржуғыш машинаға жасырынған көрінеді, — делінген хабарламада.

Айтпақшы, қытайлық жолаушылардың ешқайсысы да зардап шекпеген.

42 жастағы АҚШ азаматы фураның жүргізушісі болып шықты.

[:]