Әнші Салтанат Бақаева өзінің желідегі парақшасында қарапайым әйел бақыты туралы сөз қозғады. Ол әйел заты бүкіл ғұмырын балаларына ғана арнамай, өзіне де айтарлықтай көңіл бөлу керектігін айтып, оқырмандарына ой салды. Әнші барша аналарға өзінің кеңесі мен өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Айтуынша, кейде күнделікті күйбең тіршіліктен демалып, балаларын ата-енесіне қалдырып кететін күндері аз емес.

Бұл туралы ол былай деп жазды: “Мен сендерге бір нәрсені мойындағым келеді.

.. Мен кейде балаларымнан шаршаймын және осындай сәттерде (бұл дұрыс па, жоқ па, білмеймін, әрине) оларды ата-енеме қалдырып, өзім мейрамханаға немесе SPA-ға кетіп қаламын. Әрине, мен өзімді сол үшін кінәлі сезінемін. “Мен қазір дәмді тамақ жеп отырғанымда, балаларым жөндеу жұмыстары жүріп жатқан үйде, шаң астында отыр” деген ойлар маза бермейді”, – дейді актриса. Дегенмен, әнші балалардың бақытты болып өсуі үшін оның анасы да бақытты болуы керек дегенді алға тартататынын жеткізді. “Адамның ойы мың түрлі емес пе?

Дегенмен кез келген адам ең алдымен өзін ойлау керек, тіпті ұшаққа отырған кезде, алдымен масканы өзіңізге тағыңыз, содан соң балаңызға тағыңыз деп айтып жатады. Меніңше, біреуге бақыт сыйлаймын десең, ең бірінші өзің бақытты болуың керек! Қыздар, осындай оймен жүретін мен жалғызбын ба, әлде оқырмандарымның ішінде менің ойыммен келісетіндер бар ма?”, – деген ол оқырмандарына сауал тастады. Осылайша ағынан жарылып, бар сырын айтқан әншіге оқырмандары пікір білдіріп, ойларын жаза бастады. “Әрине, ана бақытты болса, бәріне нұрын шашады”, “Иә, негізі алдымен өзіңді ойла дейді ғой, бірақ бәрібір ананың ойында бірінші бала тұрады ғой”, “Жалғыз сіз емессіз”, “Мен кейде тәтті алып жейін десем, бірінші қыздарым есіме түседі. Сөйтіп, “қойшы су іше саламын” деп, тәттіні көп етіп алып, үйге барып, қыздарыммен бірге жеймін. Тамағымнан өтпейді. Мен бірінші кезекке балаларымды қоямын. Мейлі, бұл дұрыс болсын, бұрыс болсын”, – деп жазды оқырмандардың бір парасы. Айта кету керек, қазіргі таңда Салтанат Бақаева үш ұлдың анасы. Жуырда ол төртінші сәбиіне аяғы ауыр екенін жеткізген. А

kaz.nur.kz

 

Рубрика: