АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Сәлем саламыз»: Мадина Сәдуақасова өзін қандай келін екенін айтты[:]

[:kz]

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Мадина Сәдуақасова келіндік қызметін қалай атқаратынын ашып айтты. Әнші орамалды тек қонақтар келгенде ғана тартатынын жасырмады деп жазады «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Қазақи отбасыға келін болған Сәдуақасова жанұясында ұлттық салт-дәстүрлер міндетті түрде сақталатынын алға тартты.

«Қазіргі де отбасым қазақи, міндетті түрде, қонақ шақырған кезде орамал тағамыз. Оны жасырмаймын, күнделікті мамамның, енемнің алдында орамал тағамын деп айтпаймын. Бірақ, орамал тағылады. Міндетті түрде сәлем саламыз, шәй құямыз» , — деп ағынан жарылды өнер иесі.

Айта кетейік, Мадина Сәдуақасова үшін бұл екінші неке. Әншінің күйеуі Олжас отандық телеарналардың бірінде режиссер болып қызмет атқарады. Ерлі-зайыптылардың ұлы бар.

Бүған дейін жас қыздардың келін атануға дайын еместігі жөнінде Шахизада айтқан болатын.

 
 
 

[:]