АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сақтандыру компаниясы: Марқұмдардың отбасына 12 млн теңгеден беріледі[:]

[:kz]

«Bek Air» авиакомпаниясының ұшағында қайтыс болғандардың туыстарына 12 млн 625 мың теңдеген беріледі. Бұл қаражатты «Amanat» сақтандыру компаниясы береді. Бұл туралы аталған компания басшысы Ерғали БЕГІМБЕТОВ мәлімдеді.

2019 жылдың 27 желтоқсанынада апатқа үшыраған борт нөмірі UP-F1007 Fokker-100 ұшағын «Amanat» компаниясы сақтандырған екен.

«Ұшақ апатынан жарақат алған  әрбір жолаушыға ем-домы үшін 505 мың теңгеден беріледі. Мүгедек болып қалған жандарға 6 млн 312 мың -12 млн  625 мың теңге арасында өтемақы береді. Қаза тапқан жолаушылардың отбасы 12 млн  625 мың ала алады екен. Сондай-ақ, жерлеу рәсімдерін жүргізген тұлға 100 АЕК мөлшерінде жер қойнына тапсыру шығындарын өтеп алады. Әрбір зардап шегушінің зақымданған мүлкіне 250 АЕК-ке дейін өтемақы төлеу қарастырылды», — деп жазды фейсбук әлеуметтік желісінде Ерғали Бегімбетов.

ІІМ-нің хабарлауынша бұл апаттан 12 адам көз жұмып, 49 жолаушы ауруханаға түскен еді. Кеше 28 желтоқсан күні Қазақстан азаматтық авиация комитеті «Bek Air» авикомпаниясының қызмет көрсету серитификатын уақытша алғандарын мәлімдеді. Яғни енді олардың ұшақтары 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін ұшпайды.

Бүгін Алматыда әуе апатында қайтыс болған генерал-майор Рүстем ҚАЙДАРОВТЫ жер қойнына тапсырды. Сондай-ақ, астанада журналист Дана КРУГЛОВАМЕН қоштасу рәсімі өтті.

Жас Алаш 

[:]