Сәкен Майғазиев Шымкент қалалық мәдениет үйінің директоры қызметінен өз еркімен босатылды. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

“Майғазиев Сәкен Қордабайұлы шығармашылық жұмыстардың қарқын алуына байланысты “Шымкент қалалық мәдениет үйі” концерттік ұйымы” МКҚК директоры лауазымынан жеке өтініші бойынша өз еркімен босатылды”, – делінген хабарламада.

 

Ал әншінің өзі қызметтен кетуіне байланысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ. 

Айта кетейік, “Музарт” тобының серісі бұл қызметке 2020 жылдың желтоқсан айында тағайындалған. Биыл наурыз айында мемлекеттік сатып алу порталындағы ресми деректерді негізге алған белсенділер әнші Сәкен Майғазиев басқаратын Шымкент қалалық мәдениет үйінің Наурызға арналған іс-шараларға 595 млн теңге қаржы бөлгенін анықтаған. Сол кезде бұл оқиға қоғамда үлкен шу тудырған еді.

Өткен айда Сәкен Майғазиев өзін “жемқор” деп атаған белсенді Аружан Дүйсебаеваны сотқа берген еді. Алайда тамыз айының басында арызды қайтып алғанын хабарлады. 
 

Рубрика: