АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Сағаты — 100 доллар»: жұмыста жезөкшелермен хат алмасқан депутаттың басы дауға қалды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Слуга народа» партиясының депутаты Богдан Яременко Жоғарғы Рада жұмысы кезінде онлайн-желі арқылы ақыға кездесетін қыздармен келіссөз жүргізген. «Букв» сайтының журналисі оның хат алмасып жатқан жерінен суретке түсіріп алған.  

Парламентарий дауыс беру кезінде ол Алина есімді 32 жастағы әйелдің анкетасын оқып отырған, онда былай деп жазылған: секс, кездесу, романтикалық кездесу. Сондай-ақ, қыз бала қарым-қатынасқа қызықпайтынын жазған.  

Кейін Яременко осы қызбен жазыса бастайды, бәлкім басқасы болуы да мүмкін. Қыз кездесудің талабын қояды: «Сағаты — 100 доллар. Екі сағат — 150. Түнге қалмаймын. Қатты қаласаңыз, оны да ұйымдастыруға болады».  

Сосын басылым видео жариялады, онда ұлттық депутат Tinder танысу желісінің чатында жазысып жатқаны көрсетілген. Кейін депутаттың тағы бір хат алмасуын жариялаған. Бұл жолы қыздың жасы — 18-де. Депутат одан айына қанша қаражат керек деп сұраған, ал басқа бір қызға үйленгенін және «саясатта жаңа адам екенін жазған». 

Богдан Яременко — Жоғарғы Раданың сыртқы саясат және парламентаралық одақтастық мәселелері жөніндегі комитет төрағасы. Депутаттың жары мен екі баласы бар. 

Депутат Facebook желісіндегі парақшасында оның журналистерді құрыққа түсіру үшін әдейі істегенін айтты.

 

«Фракциядағы бірнеше әріптесім телефон «аңду» құрбаны болған соң, біз осындай шара қолданып, журналистердің біздің телефондарды қалай қарайтынын тексердік. Осындай сигнал алғаннан кейін, мен әдейі ойдан құрастырылған хат алмасуды фото және видеоға түсіруге жол бердім», — деді ол.  

Бұл арқылы депутат «БАҚ-та жазылған кез келген ақпаратқа сене берудің қажеті жоқ» деп айтқысы келгенін жеткізді. 

Біршама уақыттан соң Яременко өз парақшасында жазғанын өшіріп, президент пен жарынан былай кешірім сұрады: «Барлық шешім бірдей сәтті бола бермейді. Мен алдындағы жазбамды өшірдім және барлығының алдында кешірім сұрағым келеді».

Skifnews.kz 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[:]