Кезектен тыс президент сайлауының жеті кандидатының бірі – Сәдібек Түгел аталмыш науқанды түнгі клубтан бастауды жөн санапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттың болашағы жастардың қолында екенін, жастардың санасының азат әрі сау болуын ұран етіп жүрген үміткер түнгі клубтарға арнайы барып, жастарға ақылын айтқан.

Оның айтуынша, ел болашағы жарқын болуы үшін жастардың мұндай орындарда жүргені әсте дұрыс емес. Олардың тәртібін түзеу үшін түнгі клубтарды біржола жабу қажет.

Сәдібек Түгел

Ⓒyvision

 

Біз – таза ұлтпыз. Біздің жастар ішімдікті қымызға ауыстырып, қыздарымыз етегін ұзартуы тиіс”, – дейді Сәдібек Түгел.

Түнгі клубқа арнайы келген үміткер жастардың бұл жүрісінің қазақстандық қоғамға кері әсер ететінін айтты.

Аударған: Әділет Мәдениет

«Қамшы» сілтейді

Рубрика: