АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Сәбит Әбдіхалықов: Қазіргі үйімді кәсіпкерлер салып берді [:]

[:kz]

 

Көпшілікке белгілі актер, продюсер Сәбит Әбдіхалықов өткен өмірі мен қазіргі некесі жайлы ашық айтты. Актер қазіргі жары Динарамен қалай танысқанын баяндады. 

Бұл туралы “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында айтылды.  “Мен үлкен үйімді үлкен қызымның атына жазып кеттім. Өзім үйсіз жүрдім. Екі жылдай күйеу баламның үйінде тұрдым деп жазады oinet.kz сайты 

Себебі, денсаулығыма қарайтын адам керек болды. Қарындасым маған қарады. Жүрегіме ота жасалды. Достарым, бауырларым менің қасымнан табылды. Бәріміз жабылып үй салдық. Қазіргі үйімді кәсіпкерлер салып берді. Ешкім менен сырт айналған жоқ”, – деді ол.  Әбдіхалықовтың қазіргі жары актриса Динара Абдуллина. Бүгінде ортақ бір баласы бар. Продюсер жас қызды өзіне тұрмысқа шығуға қалай көндіргенін сөз етті. 

“Театрда жүрген соң қарап жүресің. Кімнің сөзі дұрыс деп қарайсың. Мінезі де, сөзі де, жүріс-тұрысы да жақсы секілді көрінді. Бірақ маған бірден қарай қойған жоқ. Себебі, менің екі рет ажырасқанымды біледі. Өткенімнің жақсы емес екенімді біледі. Театрда да, басқа жақта да өзіне сөз келетінін біледі. Сондықтан бір жылдай қарамай жүрді. Тек хат жазысып жүрдік. Кейін сөйлесе бастадық”, –деді продюсер. 

oinet.kz

 

[:]