АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Роза Рымбаеваның ұлы үйленді[:]

[:kz]

 

Әнші Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «revuenews» Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

Халық әртісінің келіні де өнер саласынан алыс емес. Оның келіне Ақерке Бүркітбай есімді әнші, «Асыл» тобының мүшесі. 

«Роза Рымбаева ресми түрде «құдағи» атанды!

Бұдан бұрын Әли Оқапов жуырда ғана Ақерке Бүркітбайға үйленуге ұсыныс білдірген еді. Енді міне, халық әртісі қарашаңырағына келін түсірмек. Қыз ұзату салтанаты қазіргі сәтте Атырау қаласында өтіп жатыр», — делінген желідегі жазбада. 

Сахнада көрермен көзайымына айналған Роза Қуанышқызының отбасындағы жағымды жаңалықты естіген көпшілік екі жасқа бақыт тілектерін жаудырып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші әрі композитор Әли Оқаповтың сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасағаны туралы хабарлағанбыз

[:]