АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz] Роза Рымбаеваның келіні қыздарды ұзататын болыпты (видео)[:]

[:kz]

Әнші Ақерке Бүркітбай желіде қазақтың ұлттық көйлегімен түскен видеосын жариялап, қалың көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы өнер иесінің Instagram парақшасынан белгілі болды. Ол қыз ұзату тойдан бейнежазбаны бөліскен. Онда әншінің қалыңдықты ортаға алып шыққан сәтін көруге болады.

«Қызың жақсы болса бір бақыт, ұлың жақсы болса мың бақыт, келінің жақсы болса – шын бақыт» деп қазақ атам айтқандай, бүгін Ырысгүлі сіңлім өз отбасына, келіндік өміріне қадам басып, осы қуанышта ортаға әдемілеп алып шығу рәсімі маған бұйырды», — деп жазды ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Akerke Burkitbay (@akerkeburkitbay)

Желі қолданушылары Ақерке Бүркітбайдың ұлттық образына ерекше назарын аударған. Олар әртіске қазақи нақышта киінген жарасымды екенін жазуда. «Нағыз хас сұлу», «Не деген әдемілік», «Ұлттық киім сізге қатты жарасады екен», «Мына көйлек тура сіз үшін тігілгендей», «Роза Қуанышқызының келіні сондай сұлу», «Өте әдемі көрініс», «Қызымды ұзатарда сізге жүгінемін», — деп жазды оқырмандар.

/kaz.nur.kz

 

[:]