АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Роза Әлқожаға інісі Әбдіжаппар өзінің қымбат көлігін сыйға тартты (видео)[:]

[:kz]

Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа әпкесі қазақ эстрадасының жұлдызы Роза Әлқожаға өзі мініп жүрген қымбат көлігін сыйлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

Өнер иесі бағалы сыйлықты көпшіліктің алдында тарту етті.

Осы сәттің видеосын Әбдіжаппар Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Әнші әпкесіне көлік мінгізу бала кезден келе жатқан арманы екенін жасырмады.

«Биікке шықсам барымды сізге беремін, армандаған көлігіңізді мінгіземін деп уәде берген едім. Өнер дейтін аламанда баптаған тұлпарыңыз жүлде алып жатса ол сіздікі. Ұстазым сіз тұрғанда мен тек биікке ұмтыламын.

Алтын басыңыздың амандығын Алладан тілеймін. Дәл осындай тағдырыңыздың тәтті болған тосын сыйлары таңба болып ғұмыр пешенеңізге жазыла берсін.Туған күніңізбен», -деп ағынанан жарылды Әбдіжаппар Әлқожа.

Айта кетейік, кеше Роза Әлқожа 37 жас туған күнінде Алматы қаласында халықты жинап, жеке концертін берді.

 
  

[:]