АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Роналдумен өзін жұп қылып қойған Ерке Есмахан күлкіге қалды (фото)[:]

[:kz]

Отандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Ерке Есмахан әйгілі футболшы Криштиану Роналдумен түскен фотосын жариялап, желіні жарды. Алайда, желі қолданушылары бірден қазақстандық әншінің қулығын анықтады. Ерке аталмыш суретті өңдеп, Ирина Шейктің денесіне фотошоп көмегімен өз басын қойып қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: instagram.com/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ерке Есмахан күллі әлемге танымал футболшы Криштиану Роналдуды жақсы көретінін бұрыннан бері айтып келеді. Өнер иесі спорт жұлдызы Instagram желесінде жариялаған жазбалардың астына үнемі пікірін қалдырып отырады.

Бұл жолы қазақстандық эстрада жұлдызы тіптен ашылып, сүйікті ойыншысына ерекше жазба арнаған. Онда ол португалиялық шабуылшыны бесі күні өтіп кеткен туған күнімен құттықтап, оған деген махаббатын жеткізген.

«Ештен кеш жақсы демекші! Жаным, Криш өткен туған күніңмен! Сен мені қалай сүйетініңді білемін. Мен де сені қатты сүйемін. Бірге бақытты болайық, жаным! Джорджинаға айтып қоймаңыздар, әйтпесе ұрыс басталады» , — деп жазған ол.

Әнші мұнысымен қоймай, Роналду мен Ирина Шейктің ескі суреттерінің біріне арнайы фотошоп жасап тастаған. Ерке Есмахан ресейлік модельдің денесіне өз басын тіркеп қойып, оқырмандарын күлкіге қарық қылды.

Көпшілік өнер иесінің асқан тапқырлығы мен ерекше талантына риза болып, оған оң пікірлерін жаудырды.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан желіде әсерлі жазба жариялап,анасын туған күнімен құттықтаған болатын.

[:]