АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ресейлік жүргізуші қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады (видео)[:]

[:kz]

Ресейлік тележүргізуші Дмитрий Брейтенбихер қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Не? Қайда? Қашан?» атты ресейлік танымал бағдарламада сұрақ қойған қостанайлық көрермен 147 мың теңге ұтыс алуы керек болатын.

Қостанайлық тұрғын аталмыш бағдарламаға сауал жолдаған. Оның сұрағы «Суперблиц» бөлімінде оқылды. «Суперблиц» ережесі бойынша интеллектуал үш сауалға бірдей дұрыс жауап беруі керек. Ал Сергейдің сұрағы бірінші болып оқылды. Ол «фин жазушысы екі адам кінәлі болса да  соның біреуі төлейтін айыппұл бар. Бұл қандай айыппұл?» деген сұрақ қойды. Аталмыш сұраққа ойыншы «босану» деп жауап берген болатын. Алайда жүргізуші ойыншыға «Баланы дүниеге әкелуді де айыппұл санайсыз ба?» деп сұрақ қойды. Ойыншы бірден ойын жинақтап, «аллимент» деп сұрақтың дұрыс жауабын тапқан болатын. Дегенмен ойыншының бұл жауабы қабылданбаған еді. Себебі тележүргізуші оған көмектесті. Тележүргізуші бұл қағиданы ескермей ойынды одан әрі жалғастырған болатын. Бірақ келесі ойында Дмитрий Брейтенбихер қостанайлықтан кешірім сұрады.

 

«Өткен ойынның соңында мен қазақстандық Сергей Смоленюктің 25 мың рубль (147 мың теңге) алатынын айтуды ұмытыппын. Себебі ойын қатысушысы сауалға тек жүргізушінің көмегімен жауап берді. Сондықтан, Сергей, кешіріңіз мен!», — деді  ресейлік тележүргізуші. 

 

«Қамшы» сілтейді

[:]