АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Ресейлік COVID-19 вакцинасының қотырға қарсы екпеден айырмасы жоқ болып шықты» — қоғам белсендісі[:]

[:kz]

Ялта қаласының мэрі Иван Имгрунт ресейлік вакцинадан кейін үш апта өткенде COVID-19-дан қайтыс болды.

«Ресейлік COVID-19 вакцинасының қотырға қарсы екпеден айырмасы жоқ болып шықты» - қоғам белсендісі

 

Премерь-министр Асқар Маминнің ерекше ынтызарары ауып, есі кетіп кетіп жүрген коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның кері әсері бары ғана емес, адам өліміне әкеліп соғатыны да белгілі болып жатыр. Ресейдің кейбір ақпарат құралдарында Ялта қаласының мэрі Иван Имгрунттың аталмыш екпеден кейін көп ұзамай көз жұмғаны туралы ақпарат пайда болды. Аталмыш вакцина Иван Имгрунтке көз жұмардан бұрын үш апта бұрын салыныпты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бір қызығы, ресейлік мамандар адамзат баласын әуре-сарсаңға салып отырған COVID-19 вирусының емі деп жаһанға жар салып жатқан ресейлік вакцинаның малда кездесетін ящур жарасына қарсы егілетін күнделікті препараттың сәл өзгертілген түрі екенін анықтапты.

Бұл туралы қоғам белсендісі әрі сарапшы Қуаныш Еділхантегі өзінің әлеуметтік желісіне жариялаған.

«Ялта қаласының мэрі Иван Имгрунт ресейлік вакцинадан кейін үш апта өткенде COVID-19-дан қайтыс болды.

Ресей Ғылым Академиясының биохимиялық физика институтының ғылми қызметкері А. Кудрявцев ресейлік вакцинаның ветеринария медицинасында малға ящурға егетін сериялық препараттың бір вариациясы ғана екендігін дәлелдеді», деп жазған өзінің facebook парақшасында.

Клиникалық сынақ нәтижесі әлі де күмәнді болып отырған ресей препараттына қатысты дау әлі де жалғасып жатыр. Салған бойдан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Ресейде дайындалып преператтың қауіпті болуы мүмкін екенін айтып, сақтық танытуға шақырған болатын.

ДДҰ мәліметінше, Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцина деп дайындап жатқан преператтары алғашқы сынақ фазасында ғана қалған. ДДҰ жариялаған құжатта Мәскеудегі Гамалея ғылыми-зерттеу институты ойлап тапқан вакцина басқа перспективалы дәрі-дәрмектерден едәуір артта қалып, бірінші кезең сынақтарында тұрғандығы көрсетілген.

Артынша, расында вакцинасының кері әсері байқалып, біраз шу шыққаны тағы бар. Осыдан кейін АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросы Спутник деп аталатын вакцина дайындап жатқан Мәскеу мемлекеттік органикалық химия және технологиялар ғылыми-зерттеу институтын (ГосНИИОХТ) және Ресей Қорғаныс министрлігінің екі ғылыми-зерттеу институтына санкция салды.

 

[:]