АЛТЫНОРДА
Казахи за рубежомНовости Казахстана

[:kz]Ресейдегі қазақтардың төбелесі: Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді (видео) [:]

[:kz]

Ресейдің Мурманск облысында вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқандар арасында төбелес болған. Олардың арасында қазақтар бар. Аталмыш жайтқа қатысты еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.

Смадияровтың сөзінше, оқиға 23 наурыз күні сағат 20:30 шамасында Мурманск облысы Белокаменка ауылының жанындағы Ірітоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде болған.

Оның мәліметінше, вахталық жұмысшылардың, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес орын алған. «Бұл жағдай тұрмыстық оқиға сипатына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар және құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ. Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы мәселені өз бақылауында ұстауда», — дейді ол.

 Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде Мурманск өңірінде қазақтар өзге ұлт өкілдерімен төбелескені туралы видеолар кеңінен тарап жатыр.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ◾НОВОСТИ/СОБЫТИЯ (@eldit_net)

 

 

[:]