АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ресейде жұмыс істейтін қырғыз дөрекілік танытқандардың сазайын берді – видео[:]

[:kz]

Алмаз Мамасабиров спортпен шұғылданатынын ескертіп, жағдайды бейбіт жолмен шешуге тырысқан

 Әлеуметтік желіде Қырғызстан азаматы Алмаз Мамасабиров Екатеринбург көшесінде екі жігітпен төбелесіп жатқаны түсірілген видео таралып жатыр.

Ролик YouTube-те жарияланды.

Онда Мамасабиров такси жүргізуші болып жұмыс істейтіні айтылады. Сол күні ол клиенттерін жеткізіп салмақ болады, алайда екі адам отырған өзге автокөлік оның жолын бөгеген. Алмаз жол беруді сұрағанда олар дөрекілік танытады. Такси жүргізуші спортпен шұғылданатынын ескертіп, жағдайды бейбіт жолмен шешуге тырысқан. Алайда олар одан көліктен шығып, «басқа жерде сөйлесуді» талап еткен, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

Мамасабиров күрес әдісін қолдана отырып, бірнеше секундтың ішінде екеуін де сұлатып салады.

Алмаз аралас жекпе-жекпен айналысатын болып шықты.

Таяқ жеген екеу оның үстінен полицияға арызданған.

sputniknews.kz

[:]