АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ресейде құлаған ұшақтың ішінде ұлты қазақ Темірлан Ақназаров та болған[:]

[:kz]

Ресейде бортында 71 адамы бар ұшақ құлады, деп хабарлайды Today.kz

Орынбор облысының 32 жастағы тұрғыны Темірлан Ақназаров Ан-148 ұшағының жолаушыларының қатарында бар. «Вконтакте» желісіндегі парақшасына адамдар көңіл айтып, жазба қалдырған. 

БАҚ-та ұшақтың ішінде болған жолаушылардың тізімі жарияланды, ішінде ұлты қазақ Темірлан Ақназаров та бар. 

Айта кетейік, Мәскеу–Орск бағытында Домодедово әуежайынан ұшқан ұшақ бірнеше минуттан кейін құлады. Оның сынықтары Мәскеу облысының Раменский ауданынан табылды.  

today.kz/

[:]