АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Ресей, Қазақстаннан қолыңды тарт!»: Түркия жастары дума депутаты Никоновтың мәлімдемесіне қарсы акция бастады (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Олар «Кім Қазақстанға қарсы болса, Түркияға да қарсы!» деген ұранмен қолдау көрсетуді бастады.

Жақында Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никонов телеарналардың бірінде «Қазақстанның солтүстігі – Ресейдің тартуы» деп мәлімдеме жасады. Осыған байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылып, ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды.

Никоновтың даулы мәлімдемесінен кейін ҚР Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхамед жауап беріп, «Бұл – миллиондаған қазақ пен орыстың тарихи танымын қорлау» деген баға берді.

Түркия жастары да ресейлік депутаттың даулы мәлімдесіне қатысты акция бастап, «Ресей, Қазақстаннан қолыңды тарт!», «Қазақстан жалғыз емес!», «Кім Қазақстанға қарсы болса, Түркияға да қарсы!» деген ұранмен қолдау көрсетуді бастады. Бұл туралы қазақ тілін қорғауға белсенді атсалысып жүрген Оғыз Доған YouTube желісінде жариялады.

[:]