Ресей Халықаралық істер жөніндегі Федерация кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Владимир Джабаров қажет болған жағдайда Ресейдің Қазақстанға кез-келген әскери емес сипаттағы көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы 5 қаңтар күні “Интерфакс” жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сенатор жергілікті билік елдегі жағдайды өздігінен реттей алатынын атап өтті. 

“Олар қоғамдағы шиеленісті басу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр”, – деген Джабаров Қазақстанда болып жатқан жағдайды саяси дағдарыс деп санамайтынын атап өтті. 

Айта кетейік, елімізде газ бағасының қымбаттауына байланысты халық наразылыққа шықты. Алдымен Жаңаөзен халқы 2 қаңтар күні көтерілді. Ал кеше Алматының орталық алаңында қарсы топ бас көтерді. Оның соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтар күні таңертең үкіметтің отставкасын қабылдады. Маңғыстау және Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында төтенше жағдай жарияланды. 

Рубрика: