АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Рамзан Қадыров ел тұрғынының «Шаштараз қызметі қашан қалпына келеді?» деген сұрағына күтпеген жауап берді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Грозный-Информ» мәліметінше, президент азаматтарды осы кеңесті орындауға шақырған.

Шешенстан азаматтары Рамзан Қадыровтан сұлулық салоны мен шаштараз жұмысын жалғастыруды өтінген. Бұған жауап ретінде ол шашын тықырлап алып, отандастарына да осылай жасауға кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 Шешенстанның басшысы ел тұрғынының «шаштараз қызметі қашан қалпына келеді» деген сұрағына ерекше әдіспен жауап қайырды. Рамзан Қадыровтың шашын тықырлап алған сәті Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған. «Грозный-Информ» мәліметінше, президент азаматтарды осы кеңесті орындауға шақырған. 

Айта кетейік, 17 сәуірден бастап Шешенстан аумағында қатаң карантин шаралары енгізілген. Ол шектеуге сәйкес, ел тұрғында көшеге тек арнайы рұқсат қағазымен ғана шыға алады. Ал демалыс күндері көлік қозғалысына мүлде рұқсат етілмеген. Соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны екі мыңға жуықтады. Оның он тоғызы көз жұмған. 

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарына коронавирус жағдайына байланысты кезекті мәрте телевизиялық үндеу жолдайды. 

Фото listaj.ru

[:]