АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Путин тағы қыр көрсетті: Біз сыйға тартқан жерді пайдаланып бізге қарсы келуге жол бермейміз![:]

[:kz]

 

 

Ресей басшысы Владимир Путин тағы да «сыйға тартылған жер тақырыбын» қозғады. 18-наурыз күні Лужники кешенінде Қырымды тартып алғанына 7-жыл толуына байланысты үлкен концерт ұйымдастырылды. Концертте Путин тағы да өзге елдерге қыр көрсете сөз сөйледі.

«Өткен ғасырдың  20-жылдары большевиктер Кеңес одағын құру кезінде түсініксіз себептермен көптеген территорияларды енді құрылған квазимемлекеттік құрылымдарға бере салды.  Ал кейін өздері құлдырап, өз партияларын ішінен құлатып, Кеңес Одағын таратып тынған сәтте, Ресей ауқымды территориялары мен геосаяси кеңістіктерінен айырылып қалды», — деді Путин.

«Біз жаңа геосаяси шындықта өмір сүруге дайынбыз. Оның үстіне біз көршілерімізді тек көрші ретінде ғана емес, оларды бауырлас халық ретінде де қарастырамыз. Біз оларға қол созып, олардың дамуына мүмкіндік жасап, алға жылжуына септігімізді тигізуге дайынбыз. Біздің бәсекеге қабілетті мүмкіндіктерімізді ұсынамыз. Ал ондай мүмкіндіктер жеткілікті «, — деді ол.

«Біз ешкімге де еш уақытта Ресей берген қисапсыз сыйлықты пайдаланып, Ресей Федерациясына зиян келтіруіне жол бермейміз. Менің бұл сөзімді ұғатындар ұқты деп ойлаймын», — деді Ресей басшысы.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

«Адырна» ұлттық порталы

[:]