АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Путин Асқар Маминді марапатады .[:]

[:kz]

фОТО:www.dailynews.kz

Ресей президентінің жарлығы ресми интернет-порталда жарияланды.

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминді марапаттады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ресей президентінің жарлығы ресми интернет-порталда жарияланды.

«Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Достық орденімен марапатталсын», — делінген жарлықта.

Мамин премьер-министр лауазымына 2019 жылғы ақпанда тағайындалған. Бұған дейін 2016 жылғы қыркүйектен бастап ол премьер-министрдің бірінші вице-премьері болды. 2008-2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ты басқарған.

[:]