Тіркелген ақпаратқа қатысты іс бойынша полициямен тексеру шаралары атқарылуда.

Павлодар облыстық прокуратурасы қоқыстан табылған елтаңбаға қатысты пікір білдірді

Ақтоғай аудандық прокураторысынан лақтырылған қоқыстың арасынан ескі үлгідегі Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы табылды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Облыстық прокуратурамен бейнежазбадағы оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ тіркелген ақпаратқа қатысты іс бойынша полициямен тексеру шаралары атқарылуда. Істің мән-жайы анықталуда», – деді облыстық прокуратурада.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын жою оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру жолымен жүргізіледі.

 

 

Рубрика: