Таиланд премьер-министрі Прают Чан-Оча баспасөз конференциясы кезінде журналистерге антипсептик шашып жіберді, деп хабарлайды Анадолу агенттігі. 

Басылымның жазуынша, премьер-министрге министрлер кабинетіндегі ауыс-түйістер туралы сауал қойылған.  Алайда БАҚ өкілінің қойған сұрағы үкімет басшысының қытығына тисе керек. Осы кезде ол алдыңғы қатарда отырған журналистерге залалсыздандыратын құралды шашып шыққан.  Осылайша Прают Чан-Оча БАҚ өкілдеріне өз істерімен айналысуға кеңес берген. 

Нead topics басылымының жазуынша, шенеунік өзінің ақылға қонымсыз әрекеттерімен танымал.  Бұған дейін журналистермен сөйлесу кезінде Прают Чан-Оча тілшілердің бірінің құлағынан ұстап, тіпті операторлардың біріне бананның қабығын да лақтырған екен.

Айта кетсек, бұрын әскер қолбасшысы болған Прают Чан-Оча 2014 жылы төңкеріс кезінде үкіметті орнынан тайдырған.  2019 жылы наурызда өткен парламенттік сайлаудан кейін ол үкімет басшысы болып тағайындалды. Жалпы Таиландта үкіметке қарсы наразылық шаралары 2019 жылдың 14 желтоқсанынан басталған. Бұған елдегі жалпы сайлаудан кейін оппозициялық “Болашақ партиясының” парламенттен шығуы себеп болған. 

www.oinet.kz

Рубрика: