АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ПОШТАНЫҢ ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ ЕРЕКШЕ[:]

[:kz]

Бүгін «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының сайлауалды штабында Түркістан облыстық мәслихаттығына үміткер Нұржан Сейтжанов аудандық пошта байланыс торабының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде кандидат партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлаушыларының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Аудан халқына түрлі деңгейдегі баспа басылымдарын, хат-хабарлары мен сәлемдемелерді жеткізіп, әр өңірден келетін және жөнелтілетін хаттар арқылы тұрғындарды басқа аймақтардағы жақындарымен байланыстырып отыратын аудандық пошта байланыс торабының қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, бүгінде үлкен реформадан өткен бұл саланың қоғам игілігіне тигізіп отырған пайдасы ұшан-теңіз. «Қазпошта» акционерлік қоғамы – бұл еліміздегі ұлттық пошта желісінің жалғыз операторы. Сондай-ақ халықаралық пошталық хат-хабарлар мен пошта жөнелтімдерін жеткізуді іске асыратын бірден-бір компания.

Басқосуда үміткер пошта қызметкерлерінің технология дамыған уақытта өз істеріне асқан жауапкершілікпен қарап, халықтың қажеттілігін қамтамасыз етудегі еңбектеріне табыс тілеп, алдағы саяси додада «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

[:]