АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Полиция жерде жатқан әйел мен полицейлердің видеосына қатысты түсініктеме берді (видео)[:]

[:kz]

  • Алматы қалалық полициясының арнайы жасағының қызметкерлері Төле би мен Панфилов көшелерінің қиылысында өзін нашар сезініп, құлап қалған әйелге көмектесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Полиция жерде жатқан әйел мен полицейлердің видеосына қатысты түсініктеме берді

Полиция мәліметінше, қызметкерлер қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметін атқарған. 

«Жауынгерлер есінен танып құлап қалған әйелдің астына күртесін төсеп, бетіне су шашып, жедел жәрдем бригадасы жеткенше жүрек соғысын бақылаумен болды. Сол маңнан өтіп бара жатқандардың бірі өз көмегін ұсынып, әйелге жүрек жеткіліксіздігінде қабылдайтын дәрі берді. Дәрігерлер келгеннен кейін есін жиған әйел олардың көмегінен және әрі қарай тексерілуден бас тартты», — дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. 

Полициядағылар әйелдің өздігінен үйіне кеткенін айтты. 

 

 

[:]