“Арнау” тобының бұрынғы солисі, SuperStar.kz жобасының қатысушысы Жанар Хамитова Қарағанды қаласында қайтыс болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысы ПД хабарлауынша, әншінің өлімі бойынша тергеу басталған.

“Аталған дерек тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, – деді ведомство.

Сондай-ақ, құзырлы орган тергеу қай бап бойынша жүргізілетінін әзірге айта алмайтындарын жеткізді.

Естеріңізге салсақ, бүгін, 16 қыркүйекте Жанар Хамитованың қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады.

 
  

Рубрика: