АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Полицейлер қашып кетті»: Алматы облысында полицейлерден қашқан мотоцикл жүргізушісі бір адамды қағып өлтірді[:]

[:kz]

DCIM100GOPRO

Алматы облысында полицейлерден қашқан мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ауыр соққыдан зардап шегуші оқиға орнында жан тапсырды.

Ал түрлі дене жарақатын алған екі аяқты көліктің тізгіншісі жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер комада жатқан оның жағдайы ауыр дейді. Ал куәгерлер оның ізіне түскен тәртіп сақшылары жол апатын көрген бойда оқиға орнынан ізін суытқанын айтады, деп хабарлайды Евразия арнасына сілтеп Stan.kz.

Тіпті, жедел жәрдем шақыртуға да шамалары келмепті. Талғар ауданында болған шым-шытырық оқиғаның жай-жапсарын анықтап көрейік.

Құлжа тас жолының бойында келе жатқан мотоциклдің артынан жол-патрульдік полициясының қуып келе жатқан сәт супермаркеттің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Арада 10 минут өткенде жол-көлік апаты орын алған. 

Панфилов ауылының тұрғыны Константин Габрильян жол апаты болған кезде достарымен үйінің ауласында отырыпты. Кенет Құлжа тас жолынан бұрылған көліктің тежегіші мен қозғалтқышының гүрілін естіген. Артынан соққы болып, мотоциклдің құлағанын көрген. Алып ұшып оқиға орнына жеткенде оның соңынан қуған полиция көлігі жоғары жылдамдықпен қастарынан өте шығыпты. Болған жайтты ол ұялы телефонына түсіріп алған. 

“Біз оқиға орнына бірден жүгіріп келдік. Екі адам жатыр екен. Екеуінің ара қашықтығы шамамен 15 метр. Мотоциклдің жанында шлемі бар бір адам қансырап жатты. Екіншісі одан ары жатты. Біз екеуі мотоциклмен бірге келе жатқанда оларды машина қағып кетті деп ойладық”, — деді куәгер Константин Габрильян.

Ал Елена Малиновская оқиғаның қалай болғанын өз көзімен көріпті. Жол-патрульдік полиция көлігі мотоцикілге жақындаған сәтте екі аяқты көлік теңселіп барып, жол шетінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткенін айтады. Айналып келіп қарағанда екі адамның ауыр жарақат алғанын аңғарған. 

«Мен Құлжа тас жолына қарай келе жатқанымда арнайы жарық белгілерін қосып алған паруль көлігі бұрылды. Олар жарығын қосып алып, мотоциклге жақындап келді. Осы сәтте жаяу жүргінші байқалды, артынша екі адам екі жаққа ұшып кетті. Полиция көлігі оқиға орны мен менің көлігімнің арасынан тоқтамай өте шықты», — дейді куәгер Елена Малиновская.

Ауыр жарақат алған жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмған. Ал ауруханаға жеткізілген мотоцикл жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр екен. Бірнеше тәуліктен бері есін жимаған. 

“Науқас түскен кезде жағдайы өте ауыр болды. Басы жараланып, миы шайқалған. Аяқ-қолы жарақаттанған. Ең ауыры — жұлынына зақым келген. Қазір жағдайы ауыр, жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Науқас әлі комадан шыққан жоқ”, — деді аурухана меңгерушісі Жандос Дәулетбеков. 

Алайда Алматы облысының бас полицейі қызметкерлерінің жол-көлік оқиғасына қатысы жоқ екенін айтады. Мемлекеттік нөмірі жоқ әрі жоғары жылдамдықпен келе жатқан мотоциклді полицейлер байқап, артынан қуған көрінеді. Сол мезетте көлік тізгініне ие бола алмай адам қаққан.

«Оқиға орнында болған азаматтардың барлығы сұралды. Барлық куәгерлер анықталды. Зардап шеккендердің таныстарын шақыртып, патрульдік көлікті көрсеттік. Автокөлік бірден боксқа қойылған. Оның сыртына ешқандай зақым келмеген», — дедң облыстық полици департаменті басшысы Мұрат Ұрымханов. 

Жол-көлік апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оқиғанның жай-жапсары тергеу барысында анықталмақ. Ал куәгерлер болса, бұл оқиғаға полицейлердің қатысы жоқ денгенге сенбейді.

Stan.kz.

 

[:]